Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды (видео)

Топ мүшелерінің “Қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екені анықталды.

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің жазуынша, 17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыс жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. 

Топ мүшелерінің “Қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. 

Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.