Есмигүл Куюлова аты аталған ұйымның қосымша жолдамасына ие болды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, еліміз құрамасынан жекелей сын бойынша тоғыз дзюдошы жарысқа қатысады. Осыған дейін Есмигүл Куюлова аралас командалық жарыста қатысатын болған.
Ерлерден Олимпиадада Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы белдеседі. Атап айтқанда, Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (-100 келі) белдеседі. Ал әйелдер құрамасынан Абиба Әбужақынова (-48 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Кәмила Берліқаш (+78 келі) татамиге шығады.
Олимпиялық ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында болады. Соның ішінде дзюдо бәсекесі ойындар салтанатты түрде ашылған күні басталса, 3 тамызда финалдық жекпе-жектері болады.