Бишімбаевтың аппеляциялық соты тікелей эфирде өтеді

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атышулы іске қатысты аппеляциялық сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.