«Нью-Йорктен қаралы хабар келді»: Белгілі ақын дүние салды

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қазақстанның белгілі ақыны Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Нью-Йорктен қаралы хабар келді. Қазақстанның белгілі ақыны Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бақыт Кенжеевтің поэзиясы мұхиттың екі жағында да танымал болды. Сөз шеберлігі Бақыт Шүкіроллаұлын әлемдік әдебиеттің классигіне айналдырды. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тіліне, соның ішінде қазақ тіліне аударылды. Бақыт Кенжеевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – деп жазды Балаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.