Алматы облысында 2 күн бұрын тауда жоғалған азамат іздестіріліп жатыр

Ол таңғы сағат 06.00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен.

Алматы облысы Жамбыл ауданында тауға мал жаюға шығып, жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде таулы аумақта 25 маусым күні сағат 19.30-дан бастап 1970 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Ол таңғы сағат 06.00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен.

- Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды, оның ішінде 1 ұшқышсыз ұшатын аппарат, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, Полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 техникасы, 5 жергілікті тұрғын бар.

Іздеу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.