Ұлыбритания азаматы Алматы тауларында адасып кетті

ҚР ТЖМ бүгін жоғалған шетелдікті кинологтар тапқанын хабарлады.

Ұлыбритания азаматы Алматының таулы аймағында адасып кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданында таулы жерлерде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында жоғалған британ азаматын тапты",  делінген хабарламада.

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болмаған.