Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құруға өкім берді. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта айтылған,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық (ИҚҰО) инвестициялық қызметтің ұйымдық құрылымын жақсарту мақсатында құрылады. ИҚҰО міндеттері:
- - Инвестициялар тарту кеңесі хатшылығының қызметін ұйымдастыру;
- - бәсекеге қабілетті инвестициялық ахуалды құру үшін реттеушілік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
- - Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу;
- - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу кезінде салааралық үйлестіру;
- - инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.
Орталықты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары басқарады.