Ырысбала Икрамбай: «Үйдің өзі 700 квадрат метр, енді бала туып, ішін толтыру керек»

Танымал блогер осындай пікір айтып, жұртты таңғалдырды.

Танымал блогер, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай отбасындағы жоспарын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жуырда жаңа қонысын тойлап жатқан Ырысбала Икрамбай болашаққа құрған жоспарын желіде жария қылды.

"Бар қазаққа жұғысты болсын, Алла денсаулық берсе қоян сияқты жылына екі рет бала туып үйдің ішін толтыру ғана болып тұр менікі", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.