Жазира Байырбекова: Мәһр сұрау сіздерге жақсы көріне ме?

Ол ер адам әйеліне сыйлықты өз еркімен сыйлағаны дұрыс деп санайды.

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында мәһр туралы ойын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты.

Ол ер адам әйеліне сыйлықты өз еркімен сыйлағаны дұрыс деп санайды.

 

 Мәһр сұраған сіздерше жақсы көріне ме?
Жігіт сыйлықты өз қалауымен алып берсе әдемі емес пе, мәжбүрлемей.
Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген бе білмейм.
Оның үстіне, "ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі" деген сөз бар еді. Ортаға молданы салып, дүние сұрайтын біздің салт-дәстүрімізде болған ба?
Мәһр сұрағандар мен сұрамағандардың отбасына әсері, айырмашылығы қандай жазыңыздаршы. Біле жүрейік.
Мәһрді қолдайтындарыңыз "1" санын
Қолдамайтындарыңыз "2" санын жазып өтіңіздер!" – деп жазды ол.