Шығыс Қазақстанда өртенген үйде ер адам қалып қойған

Өскемен қаласында Заводская көшесінде жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.

Шығыс Қазақстан облысында өрттен ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өскемен қаласында Заводская көшесінде жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері барлау кезінде тұрғын үйден 1992 жылы туған ер адамды тауып, құтқарды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жану өнімдерімен уланған белгілері бар ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. 

Өрт толықтай сөндірілді. Себебі анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.