Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Қазақстан мен Ресей шекарасында болған.

ҰЯО ИГЗ қазақстандық деректер орталығының жедел деректері бойынша, жел сілкінісі бүгін,15 шілдеде Астана уақытымен сағат 04:41-де Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде болған.

Магнитудасы – 3,7. Энергетикалық класс – 9,7. Тереңдігі – 13,5 шақырым.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің күші 4,1 балл болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.