Елордада автобус бағыты уақытша өзгерді

№ 313, 314 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді.

«City Transportation Systems» ЖШС хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 313, 314 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

«Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.