Астанадан шыққан жолаушылары бар автобус Ресей аумағында өртеніп кетті

Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала болған.

Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде жалынға оранғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алтай Республикасы ТЖМ Telegram-арнасының мәліметінше, Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те түсті.  Автобус Астана-Баян-Өлгей (Моңғолия) бағытымен жүрді.

Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала, барлығы эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмеді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.