Балалар үйде оқуға көшуі мүмкін

Балалар үйде оқуға көшуі мүмкін

Коронавирусқа бола Қа­зақстанда мектептер бо­сап қалуы мүмкін. Бас са­ни­­тарлық дәрігер Жан­дар­бек Бекшин бұл ін­дет­тің кең таралуына тосқа­уыл қою үшін білім ор­да­ла­рын­да қашықтықтан оқы­туды енгізу мәселесі қарас­ты­рылғанын мәлім­деді. Білім және ғылым министр­лігі елде Сovid-19 тіркеліп, та­ралған жағдайда қолға алынатын шара­лардан тұратын құжаттар топта­масын әзірлепті. Ондағы ұсыныс­тардың бірі қашықтықтан білім беруді көздейді.

«БҒМ тиісті құжаттар пакетін дайындады. Ондағы ұсыныстар­дың бірі – техникалық мүмкіндік бар жерлерде қашықтықтан оқы­ту. Бұл тек жоғары оқу орындары мен колледждерді ғана емес, со­нымен қатар мектептерді де қам­тиды», – деді Жандарбек Бекшин.
Ол кейбір университет бұдан бұрын да дистанциялық режимде оқытуды жүргізгенін хабарлады.
«Біз оған қарсы емеспіз. Бұл – қалыпты тәжірибе. Қазіргі за­манғы ақпараттық технологиялар ұсынатын игілікті кең пайда­лан­ған жөн», – деді еліміздің бас санитар дәрігері.
Ол бүгінде айтылған ұсы­ныс­тар топтамасын мемлекеттік орган­­дар талқылап жатқанын жеткізді. Ақпарат құралдарының мәлі­метінше, қазақстандық ЖОО-лар мен колледждер студенттерді ауди­торияға жина­май-ақ сабақ өткізуге дайындығын пысықтап жатыр. Коронавирус 100-ден астам елде табылып үлгерді. Сондықтан Қазақстан оның алдын алу жұ­мыс­тарын белсенді жүргізуде. Мы­­салы, M.Narikbaev atyndaǵy ­KAZGUU Universiteti өкілі, до­цент Сергей Пен қажет болса, оқу ор­нының онлайн-форматқа көшуге толық дайын екенін біл­дірді. Уни­верситетте үш жылдан бері арнайы тұғырнама жұмыс істеуде. Оқы­тушылар мен шә­кірт­тердің тілдесуі және талқы­лаулар сонда жүрмек. Бұл – халықаралық тәжірибе. Көрші Өзбекстанда да үш ірі университет шәкірттерін қа­шық­тықтан оқытатын болды.   Айхан ШӘРІП