Атырауда тағы екі кішкентай бала суға батып кетті

Соңғы аптада Атырауда 4 жасөспірім суға кетіп отыр.

Қайғылы оқиға туралы хабар 23 шілдеде  түнгі сағат 00.50 шамасында түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Атырау қаласы  Бесікті ауылы тұсында Жайық өзеніне белгісіз жағдайда 2 адам суға батып кеткені жөнінде ПД жедел кезекшісінен хабарлама түсті. Құтқарушылар дереу шақырту орнына жетіп, 2010 жылы туған және 2011 жылы туған екі баланың суға батып кеткенін анықтады. 2010 жылы туған баланың денесін туыстары өз күштерімен судан шығарып алған. Құтқарушылар 2011 жылы туған баланың денесін су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізуде", – деп нақтылады Атырау облысы ТЖ департаменті.   

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Соңғы аптада Атырауда 4 жасөспірім суға кетіп отыр.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы