Қарағанды ферроқорытпа зауытында күйіп қалған 25 жастағы жігіт қайтыс болды

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір қызметкер қайтыс болды. 25 жастағы жұмыскердің қаза болғанын денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», — деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.