Париж – 2024: Абиба Әбужақынова қола жүлдеге таласады

48 келі салмақта белдескен ол жарыстың ширек финалында испаниялық Лаура Абелиндадан жеңілген болатын.

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола медаліне таласады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

48 келі салмақта белдескен ол жарыстың ширек финалында испаниялық Лаура Абелиндадан ұтылған болатын.

Жұбаныш белдесуінде ол парагвайлық қарсыласын  айқын басымдықпен жеңді. Енді ол Париж Олимпиадасының қола медаліне таласады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.