Париж-2024: Бүгін қазақстандық спортшылар бірнеше сайыста жарыс жолына шығады

Кеше Нұрбек Оралбай жартылай финалға жолдама алған болатын.

3 тамызда Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 5 түрінендзюдо, стенд ату, дзюдо, велошоссе, жүзу, семсерлесу, бокс және спорттық гимнастикадан жарыс жолына шығады,  деп жазады Aikyn.kz.

Дзюдо

11:00 (Іріктеу), 16:00 (Финал). Микс команда. Әбиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Эсмигүл Куюлова, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан.

Стендтік ату

12:00 (Іріктеу),18:30 (Финал). Скит. Әйелдер. Әсем Орынбай. Скит. Ерлер. Эдуард Ещенко

Велошоссе

14:00. Командалық сайыс. Финал. Алексей Луценко, Евгений Федоров

Бокс

19:50. Назым Қызайбай – И.Валенсия (Колумбия)

Спорттық гимнастика

18:30. Финал. Милад Карими (Еркін жаттығу), Нариман Құрбанов (Ат)

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.

Олимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.