Бокстан Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған Нұрбек Оралбай жартылай финал жекпе-жегін қысқаша қорытындылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Қарсыласым өте мықты. Бірінші айналымда Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңген. Ағайларым бұл жекпе-жекке жақсы тактика қойып берді. Соны толық орындап шықтым. Енді мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал, барымызды саламыз. Маған қолдау көрсеткен барша қазақ еліне, қазақ жанкүйеріне алғысым шексіз. Екінші раундта нокдаун болуы мүмкін дегендер бар. Нақты білмедім мұны. Әйтеуір, аянып қалғаным жоқ", - деді Нұрбек Оралбай.
Айта кетелік, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта өткен жартылай финал жекпе-жегінде доминикалық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен жеңді.
Фото: Владислав Семенов
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.