Доллар арзандады: 9 тамызға арналған валюта бағамы

Ұлттық банктің 9 тамыздағы бекіткен ресми валюта бағамы жарияланды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша бүгін доллар бағасы арзандады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы бойынша 1 доллар құны – 477,14 теңге. Ал рубльдің орташа сараланған құны – 5, 49 теңге. Еуро болса 521,28 теңгеден сатылып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 477,3 теңгеден сатылып жатса, сатып алу құны – 479,1 теңге. Еуро бағасы 520 – 524 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағасы – 476 теңге, сатып алу құны – 480 теңге. Еуро 518 теңгеден сатылып, 523 теңгеден сатып алынып жатыр. Ресей рублі 5,35 – 5,50 теңге аралығында саудалануда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.