Астанада бірқатар автобустың қозғалыс бағдары өзгерді

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

Астанада бірқатар автобустың қозғалыс бағдары өзгерді, – деп жазады Aikyn.kz.

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Марафон аяқталғанға дейін, №№ 18, 26, 27, 28, 47, 52, 54, 55, 60, 61, 66, 314 қалалық және қала маңы бағдарларындағы қозғалыс сызбасында уақытша өзгерістер болады. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар", – деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін республика бойынша автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артуына байланысты, ҚР ІІМ автобустардың жылдамдығына қатысты жаңа ережелер енгізетінін жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.