Астаналық өрт сөндіруші тұрғын үйдегі өрттен 15 жастағы қызды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Астана қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенген.
– 3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.