Әлеуметтік желіде Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің видеосы тарап, қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік бұрынғы ерлі-зайыптының өзара сыйластығына тәнті болған, – деп жазды Aikyn.kz.
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің видеосы TikTok желісінде пайда болды. Онда актер бұрынғы әйелі туралы ойын айтып жатқанын көруге болады. Өнер иесі ортада балалар болған соң экс-келіншегін жиі көріп тұратынын жеткізді.
"Рақмет, Ақбота! Менің серіктесім. Алла разы болсын саған. Үйде болмаса да, тойда жиі көрісе берейік. Негізі өте жиі көрісіп тұрамыз. Ортада балаларымыз бар", – деді Айдарқұлов.
Желі қолданушылары ажырасып кетсе де, өзара сыйластығын сақтап қала алған жұлдыздарға тәнті болған.
"Ажырасып кетсе де, жақсы қарым-қатынаста қала алыпты. Жарайсыңдар", "Биыл бәрі қосылып жатыр. Мүмкін бұл жұп та қосылып қалар", "Айырылысып кетсе де, бірге жұмыс жүргізіп жүр екен ғой", "Ақбота өте ақылды әйел. Балаларының әкесін сыйлайды", "Қалжыңдары да жарасып тұр. Осы жұп өзіме қатты ұнайды", – деп жазуда көпшілік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.