Ол ұшақтың дәретханасында темекі шеккен.
Оңтүстік Кореядан ұшып келген Ресей азаматы Астана әуежайында ұсталды
Фото: Көліктегі полиция департаменті
1,055
оқылды

Астана әуежайында полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында Ресей Федерациясының 49 жастағы азаматы Инчхон-Астана бағыты бойынша ұшқан рейсте, әуекемесінің дәретханасында темекі шеккен.

Ресей азаматы әуекемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 184 600 теңге (50 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.