Блогер Нұрбек Оралбайға қымбат көлік сыйлады

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында ерлер арасындағы бокстан 80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып, күміс жүлдегер атанды.

NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.

"Құдай қаласа, екеуің де келесі жолы алтын алыңдар. Уәде еткен ZEEKR көлігін сыйлаймын", – деді блогер.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында ерлер арасындағы бокстан 80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып, күміс жүлдегер атанды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.