Қордайдағы қақтығыс: Күдіктілердің барлығы ұсталған жоқ

Қордайдағы қақтығыс: Күдіктілердің барлығы ұсталған жоқ

Қордайдағы қақтығыс бойынша бес адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дереккөздің жазуынша, бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев: «Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды. Екеуі бұзақылық жасап, ересек адамды ұрып-соққаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл туралы БАҚ-тарда жазылды. Ал өрт шығарып, адам өлтіру деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі онда іс материалдары көп», – деді. Оның айтуынша, күдіктілердің барлығы ұсталған жоқ. «Видеоматериалдарды қарап жатырмыз, содан кейін ғана шешім қабылданады», – деді Дембаев. Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында жаппай төбелес болған еді.