«Енді көпбалалы анамын, бақыттымын»: Баян Мақсатқызы сәбиімен перзентханадан шықты

50 жастағы продюсер төрт қыздың анасы атанды.

Продюсер Баян Алагөзова төртінші қызымен перзентханадан шықты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол қуанышты сәттегі суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Сәбиді жары Тұрсынғали Алагөзов ұстап тұрғанын байқауға болады.

«Тілектеріңізге көп рақмет. Енді көпбалалы анамын және бақыттымын», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Айта кетейік, 50 жастағы продюсер төрт қыздың анасы атанды. Тамыз айының басында үшінші сәбиі өмірге келгенін айтса, араға екі апта салып тағы бір қызы өмір есігін ашқанын жеткізіп, таңғалдырды. Продюсер мен кәсіпкер қыздарына Алиса, Алма деп ат қойған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.