Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Иван Дычко мен Баходир Жалолов кәсіпқой бокста кездессе, нәтижесі қалай болады деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Иван Дычко бабында тұрған кезде біздің болашағынан үміт күттіретін, ауыр салмақтағы боксшымыз Жалоловты жеңіп жүрді. Ол кезде Баходир ересектер арасына енді қосылған болатын. Мен Дычкоға құрметпен қараймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Бірақ Жалолов қазір Дычкомен кездессе оңай қарсылас болады. Боксты түсінетіндер Баходирдің қазіргі деңгейін жақсы біледі», - дейді Толқын Қылышев Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, 13 нокаутқа ие болса, Джалолов та дәл осындай жекпе-жек өткізген, басым бөлігінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.