ШҚО-да «Баланы мектепке даярлайық» акциясы басталды

«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы партиялық «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізіледі.

Бүгін «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке дайындайық» акциясы аясында облыстық филиалда балаларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.

«Қадірменді бүлдіршіндер, сіздерге жаңа оқу жылы қарсаңында тек жақсылықтар мен оқуда сәттілік тілеймін. Қазіргі заманның талабы – жақсы білім алу. Сондықтан да, сабақты тек беске оқыңыздар. Ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, білімді азамат болып өсулеріңізге тілектеспін», – деді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.

Айта кетейік, «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы партиялық «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізіледі. Оның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын 1 қыркүйекке дейін мектепке дайындауға көмектесу.

«Балаларды мектепке дайындау оңай емес. Қазір барлық дүние қымбат. Біздің отбасымызда қатарынан бес бала мектепке барады. Осындай шараларды ұйымдастыру үлкен көмек деп ойлаймын», – дейді көпбалалы ана.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.