Ойнап жүріп, итеріп жіберген: Атыраудың Ақжар ауылында суға кеткен баланың денесі табылды

14 жасар баланы ойнап жүріп, достары суға итеріп жіберген деген күдік бар.

Марқұмның денесін іздеу жұмыстары төрт күнге жалғасты, деп жазады Aikyn.kz. 

"24 тамызда сағат 07.03 шамасында 2010 жылы туған жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықта құтқарушылардың күшімен судан шығарылды",  деп жазды ТЖД.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды,  делінген хабарламада.

14 жасар баланы ойнап жүріп, достары суға итеріп жіберген деген күдік бар. Атырау облысы Полиция департаменті іс қозғап жатыр. 

Баян ЖАНҰЗАҚ, Атырау облысы