Таразда көпірден секірген әйелдің соңынан полицей де суға кетті

Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның көпірден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Таразда көпірден секірген әйел құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның көпірден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері өмірден түңілген жанды сабырға шақыруға тырысқан. Секірген сәтте полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалмақшы болады. Алайда, қолынан суырылып шығып, суға құлап кеткен.

«Осы сәтте полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов ағысы қатты өзенге ізінше секіріп түседі. Сақшыға төтенше жағдайлар қызметкері мен жақын маңдағы жергілікті тұрғын көмекке келіп үлгерді. Әйел аман-есен құтқарылып, жағаға шығарылды. Құлаған кезде кеудешесі жыртылып қалғандықтан, полиция қызметкері қамқорлық көрсетіп, өз киімін кигізген. Жапа шегушінің сөзінше, мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болған», – деп хабарлады ПД.

Жедел жәрдем бригадасы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.