«Өскен соң мені түсінесің»: Динара Қырықбаева қызына арнап әсерлі жазба жариялады

Әнші қызы туғанына 40 күн болғанда ажырасқанын айтты.

Әнші Динара Қырықбаева қызын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді , – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі 5 жасқа толған қызының туған күнін дүркіретіп тойлады. Әнші қызы туғанына 40 күн болғанда ажырасқанын айтты.

“Айяға 40 күн толғанда ажырасып кеттік. Шынымды айтсам, қалай тез өсіп кеткенін байқамай қалдым. Мен үнемі даму үшін жұмыс істеп жүріппін. Өскен соң сен мені түсінетін боларсың. Бүгін 5 жасқа толып жатыр. Сені жақсы көремін, қызым”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі бұрынғы жолдасымен 5 жыл некеде болып, үш баланы өмірге әкелген. Ерлі-зайыпты 2019 жылы ажырасуға бел буған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.