«Демеу ойымды өзгертті»: Елдос Сметов күтпеген мәлімдеме жасады

Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында франциялық Лука Мхидзені жеңді.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында енді төрт жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты , – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк Туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында франциялық Лука Мхидзені жеңді. 

Елдос Сметов бұдан бұрын Олимпиадада 2016 жылы Рио де Жанейрода күміс, 2020 жылғы Токиода қола медаль жеңіп алған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.