Министр 4 ай комада жатқан сарбаздың денсаулығы қалай екенін айтты

Ербаянның жағдайы бақылауда.

 

Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова Алматыда әскери бөлімде 4 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Ербаянның жағдайы бақылауда. Тиісті көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір оның жағдайы ауыр. Сіздер айтқан қосымша күтім көрсету мәселесін қарастырамыз. Қосымша (күтім көрсететін) персонал керек болса, қамтамасыз етеміз", – деді Ақмарал Әлназарова Астанада Парламенттің бірлескен отырысынан соң.

Еске салайық, Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар құлап, комаға түскен еді. Ол 4 айға жуық уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, биыл мамырда есін жиған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.