Әлеуметтік желі арқылы нәрестелер мен жасөспірімдерді саудалаған әйел ұсталды (видео)

Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы полициясы кәмелетке толмағандарды саудаға салу фактісін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңсыз саудасына күдікті қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

– 25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру  шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.