Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына шықты

100 метрге брасс әдісімен жүзуде SB11 санатында сынға түскен Әмір Мұратбеков іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 1:21.66 уақыт нәтижесімен финалға жолдама алды.

Қазақстандық жүзгіш Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына шықты, - деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде SB11 санатында сынға түскен Әмір Мұратбеков іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 1:21.66 уақыт нәтижесімен финалға жолдама алды.

Финал Астана уақытымен 21:01-де өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Осыған дейін Давид Дегтяревтің екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанғанын жаздық.

Чемпионды жеңісімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.