Зарина Райфова Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Қола медаль үшін өткен белдесуде Райфова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

Қазақстандық дзюдошы Зарина Райфова Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Зарина пара дзюдодан 70 келі салмақта  (J2 санаты) үздіктер қатарынан көрінді. 

Қола медаль үшін өткен белдесуде Райфова италиялық Каролина Костадан басым түсті. 

Осылайша, Қазақстан қоржынында әзірге сегіз медаль бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.