Астанада бүгін қандай жолдар жабық?

2024 жылғы 8 қыркүйекте Астанадағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді.

Бұл бір күннен астам уақытқа созылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

8 қыркүйек сағат 09:00-ден 9 қыркүйек 06:00-ге дейін Жансүгіров бойынан Абылай ханнан Құдайбердіұлына дейінгі учаске жабылады.

Сондай-ақ, 8 қыркүйекте Земляничная көшесінің бойында Қараменді би Шақаұлынан Бейбарыс сұлтанға дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылды.

Р-10 "Астана айналма жолы" жолының 30-36-шақырымға дейінгі учаскесі 26 қыркүйекке дейін жабық.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.