Астанада автосервис өртке оранды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астаналық өрт сөндірушілер Сарыарқа ауданында орналасқан автосервистегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтыланған мәлімет бойынша шина монтаждауға жабдықталған контейнердің ішінде жабдықтар, ішкі қаптама және резеңке-техникалық бұйымдардың жануы орын алды.

– Өрт сөндірушілер өрттен сыйымдылығы 50 литр болатын 2 оттегі баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Өрт 25 шаршы метр алаңда сөндірілді, – делінген ресми ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.