Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын алды

Ұлттық құрама спортшылары алты салмақ бойынша бес алтын, бір күміске ие болды.

Бүгін этноауылда аударыспақтан жарыс аяқталды. Ұлттық құрама спортшылары алты салмақ бойынша бес алтын, бір күміске ие болды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Аударыспақтан алтын жүлдегерлер: Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі), Дарын Өткелбай (80 келі), Сырым Ізбасаров (100 келі) және Біржан Қосалиев (+100 келі). Ал 90 келі салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлдеге ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.