Облыстық халықтық штаб мүшелері Саламат Идресов, Балжан Досмұхамбетова, Бейбіт Бағытов, Назерке Көсесова Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымымен кездесіп, алдағы референдумның маңызын туралы айтты.
Кездесу барысында үгіт-насихат тобы университет ұжымымен АЭС тақырыбында пікір алмасып, қызу әңгіме өрбітті.
Жиынға қатысушылар АЭС туралы ойларын ортаға салып, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізіп, үгіт-насихат тобының жұмысына сәттілік тіледі.
«Жолдауда Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған, одан кейінгі Үкіметтің алдына қойып жүрген тапсырмаларының жалғасы ретінде қабылдаймыз. Бастысы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мен білім сапасын арттыру мәселесіне де тоқталды. Соның ішнде негізгі бір мәселе – 6 қазанда референдум өтетіндігі анықталды. Атом электр станциясын салуға байланысты елімізде білікті сарапшылар, аталған саланы зерттеп жүрген ғалымдар ой-пікір білдіріп жатыр. Біздің мақсатымыз ғалымдардың, жоғары оқу орындарының міндеті халыққа АЭС салудың тиімділігін, оның ел экономикасы үшін маңызын нақты фактілермен түсіндіру. Әрине, референдум кезінде халық өз таңдауын жасайды. Болашақта еліміздің дұрыс өркендеп дамуына атом электр станциясының қажет екені белгілі», - деді облыстық мәслихат депутаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.