Алматы облысында төрт жастағы бала Қаскелең өзеніне батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 10 қыркүйек күні Қарасай ауданындағы Жібек Жолы стансасының маңында болған.
Куәгерлер баланың судың жанында ойнап жүріп, абайсызда өзенге құлап кеткенін айтқан.
– Алты құтқарушы баланы іздеуге кірісіп, сағат 17:45-те баланың мәйіті табылып, судан шығарылды. Сот-медициналық сараптама жүргізу мақсатында мәйіт Қарасай ауданының мәйітханасына тасымалдау үшін полиция қызметкерлеріне берілді, - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.