V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Қазақстандық көкпаршылар алтын жүлдеге ие болды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдық жарысты Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты. Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды. Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды.

Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.