Өнер иесі эстрада жұлдызының ерекше әрі өзі үшін орны бөлек жан екенін жеткізді.
"Бөлек адам": әнші Бүркіт Мақпал Жүнісоваға жазба арнады
Instagram/berkut_aibekjan
4,439
оқылды

Қазақстандық танымал әнші Бүркіт өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді. Ол эстрада жұлдызын өзі үшін орны бөлек адам екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші Бүркіт Instagram-дағы парақшасында Мақпал Жүнісовамен түскен суретін жариялап, оған ерекше жазба арнады. Өнер иесі эстрада жұлдызының ерекше әрі өзі үшін орны бөлек жан екенін жеткізді.

"Мақпал әпкеміз ерекше жан ғой. Қазақ эстрадасындағы ең қатты жақсы көретін Мақпал ханым бөлек адам", – деп жазды Бүркіт. 

Айта кетейік, әнші халықтың 10 пайызы өзін «оңбаған, әнші емес, алқаш» (кейіпкердің сөзі қаз-қалпында жазылды) дейтінін айтқан болатын. Кейін Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосы үшін халықтан кешірім сұрады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.