Көшпенділер ойындары: Бәйгеден бас бәйгені кім алды?

Ұшқыр бәйгеден 1600 метр жеңімпаздары анықталды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұшқыр бәйгеден үш жүлдені де қазақстандық шабандоздар иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

1600 метрлік бәйгеде мәре сызығын әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің «Шағала» атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орында Қазақстанның тағы бір жүйрігі «Арлан» иеленсе, үшінші орынды да еліміздің жүйрігі «Струна» алды.

1-орын: Шағала, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев (Қазақстан);

2-орын: Арлан, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Турганжан Юлдашев, ат иесі – Мерхат Булгынов (Қазақстан);


3-орын: Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нурасилов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан)