Театр майталманы елдің ерке қызының тағдырын сөз етпеуді ескертті.
"Мас әйелді мақтама": Алмат Сақатов Мақпал Жүнісоваға араша түскені үшін халықтан сөз естіді
32,655
оқылды

Танымал актер Алмат Сақатов видеосымен қоғамды шулатқан Мақпал Жүнісованы қолдағаны үшін халықтан сөз естіді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Театр майталманы елдің ерке қызының тағдырын сөз етпеуді ескертті. 

“Мақпал Жүнісова туралы не айтасыз дейді. Не айта аламын?! Ол кісінің көтерген жүгін сен көтере алмайсың?! Ол кісінің көргенін сен көрген жоқсың. Қазақтың ерке қызы, еркелеп әңгіме айтқан шығар?! Біз сөгетіндей, оны талқылайтындай кімбіз?! Ертең дүниеден өтіп келсе, мақтайсыңдар. Сондықтан да қандай адам болса да, өнерде үлкен орны бар. Қазақ деген кезде ішкен асын жерге қоятын мықты қазақтың қызы. Өте мықты адам”, – деді актер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, халық әртісінің масаң күйде ел алдына шыққанын талқылап жатыр. 

“Мақпал өлең айтқаннан басқа, не істепті?!”, “Мас әйелді мақтама”, “Әншілердің бәрі – ерке. Төреғали – Ұлы дала баласы, Мақпал – ерке қыз”, “Мас күйінде эфирге шығу – мықтылық па?”, “Ішкені – алдында, ішпегені – артында. Оныкі – асқандық”, – деп жазды көпшілік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.