Қала күні: Алматы халықаралық әуежайында шетелдік туристерді қалай қарсы алды

Паспорттық бақылау аймағында халықаралық рейстердің жолаушыларына Алматының жылуы мен қонақжайлылығын білдіретін «апорт» сұрыпты алмалар ұсынылды.

Алматыда қала күніне орай «Алматының символы – сыйлыққа» атты акция өтті. Іс-шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы және ҚР ҰҚК Алматы қаласы Шекаралық бақылау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Паспорттық бақылау аймағында халықаралық рейстердің жолаушыларына Алматының жылуы мен қонақжайлылығын білдіретін «апорт» сұрыпты алмалар ұсынылды. Акция шамамен 10 мың жолаушыны және 50-ден астам рейсті қамтыды.

Қалалық Туризм басқармасының мәліметінше, мұндай акцияларды өткізу Алматыны туристік бағыт ретінде тартымды етуде маңызды рөл атқарады.

«Алматы - Орталық Азияның қаржылық, сауда-экономикалық және мәдени-білім беру орталығы. Қала табиғи ресурстарымен, бай тарихи, мәдени мұрасымен туристерді тартады. Мұнда халықаралық деңгейдегі ірі фестивальдер мен концерттер өтеді. «Алматының символы – сыйлыққа» акциясы шетелдік туристерді қаланың дәстүрімен, мәдениетімен таныстыруда алғашқы оң әсер қалдыруды көздейді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.