Ақерке Рамазанова Хорватиядағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады

Дзюдошымыз Марчелина Вранжестен (Хорватия) мықты болып шықты.

Загребте (Хорватия) дзюдодан Гран-при сериясы турнирінің соңғы жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан атынан 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Ақерке Рамазанова бірінші белдесуде жеңіске жетті. 

Дзюдошымыз Марчелина Вранжестен (Хорватия) мықты болып шықты. Екінші айналымда француз Корали Хаймемен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.