Сәтбаевта жанып жатқан пәтерден екі қарт адам құтқарылды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сәтбаев қаласында екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өрттеніп, жалын басқа пәтерлерді де шарпыған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт өршіген сайын Ұлытау облысы ТЖД-нен қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылып, өз беттерінше далаға жүгіріп шыққан тұрғындарға жылыну үшін арнайы техника жеткізілді. 

– Өрт сөндіру жұмыстары барысында өздігінен шыға алмаған 1958 және 1959 жылы туған екі қарт адам құтқарылды. 

Өрт 96 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.