Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Cондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.